Павлодар қаласында көпқабатты үйдің терезесінен жасөспірім құлап, полиция тергеуге кірісті, деп хабарлады polisia.kz телеграм каналы.
22 желтоқсанда сағат 17:08 шамасында Павлодар қаласының полициясына «қыз биіктіктен құлады» деген шақыру түсті. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы 2007 жылы туған қыз баланың Н. Назарбаев даңғылы 204 мекенжайындағы үйдің 8-қабатынан құлағанын анықтады. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 105-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.