Қазгидромет 23 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Ақмола облысында бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстік жартысында екпіні 25 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Қостанай қ: таңертең және күндіз 23 желтоқсанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Астана қаласында бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.