23.12.2022, 10:40

Ресейлік депутат «соғыс» деген сөзі үшін Путиннің үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады

Фото: ашық дереккөз
Депутат соғыс туралы осындай сөздер үшін бірнеше мың адам сотталғанын еске салды.

Санкт-Петербургтің "Смольнинское" муниципалитетінің муниципалды депутаты Никита Юферев  Ресей армиясы туралы "жалған" ақпарат таратқаны үшін Ресей президенті Владимир Путиннің үстінен қызмыстық іс қозғауды талап етіп, Бас прокуратура мен ІІМ-ге жүгінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Никита Юферев Владимир Путиннің 22 желтоқсанда Мәскеуде Кремль пулы үшін өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзін тексеруді сұрайды, президент сол сөзінде "соғыс" сөзін қолданған.

"Біздің мақсатымыз – бұл әскери қақтығыстың мәнін бұрмалау емес, керісінше, бұл соғысты аяқтау, біз соған ұмтыламыз", — деді ол.

Депутат соғыс туралы осындай сөздер үшін бірнеше мың адам сотталғанын еске салды.