Ақмола облысының тұрғыны «Go-Coin» сауда алаңында кибералаяқтардың арбауына түсіп, 30 миллион теңгесінен айрылып қалды деп хабарлады turkystan.kz Ақмола облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, кибершабуылдар гипноз және NLP әдістерін қолданады. Яғни, адамдар не болып жатқанын тиісті түрде бағалай алмайтындығын пайдаланады. «Ақмола облысында тұратын әйел YouTube қосымшасында «Халық банкі» және «ҚазМұнайГаз» платформаларында ақшалай қаражатты тиімді инвестициялау туралы хабарландыруларды көрген.
Артынша осыған қызығушылық танытқан әйел өзінің нөмірін листингке қалдырады, кейін оған белгісіз ер адам қоңырау шалып, инвестициялық алаңда қосымша табыс табу үшін банктік шотына ақша аударуды сұраған. Осылайша зардап шегуші әйел алаяқтардың арбауына түсіп, бір айда сауда алаңының есеп-шотына шамамен 30 миллион теңге ақшасын аударған. Ол бұл ақшаның біразын достары мен туысқандарынан алса, енді біразын түрлі банктерден несиеге алады. Кейінірек ақшасын алмақшы болғанда, түрлі кедергілер алдынан шығып, әйел алаяқтар алдап соққанын бір-ақ білген», – дейді ведомстводан.
Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі «алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.