Головкин алдағы жылдың наурыз айында IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белдікті қорғауы керек. Бұл жөнінде бразилиялық боксшы Эскива Фалькао мәлімдеді.
Орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) шаршы алаңға наурыз айында оралуы мүмкін.
Бұл уақытты отандасымыздың міндетті қарсыласы бразилиялық Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) айтты.
Эскиваның айтуынша, ол АҚШ жеріне қаңтар айында келіп, кездесуге дайындықты бастайды.
"Айқас наурыз айының соңында өтеді деген мәлімет бар. Бұл IBF талабы. Мен өз-өзіме сенімдімін. Бұл кездесуде жеңіске жете аламын", - деді Фалькао A Gazeta басылымына берген сұқбатында.
Ал, қазақстандық боксшы тарапынан әзірге ресми мәлімеме жасалмады. Геннадий Головкин кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізді. Ең соңғысы қыркүйек айында мексикалық Саулы Альвареске қарсы болды. Головкин-Канело арасындағы үшінші жекпе-жекте жерлесіміз жеңіліп қалды.