Солтүстік Қазақстан облысында 2 адамнан шошқа тұмауына (H1N1 вирусы) шалдыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, қазір екі науқас та ем қабылдап жатыр.
Сондай-ақ бұл өңірде 250-ден аса адам В типті тұмау жұқтырған. Жедел респираторлы инфекция да өршіп тұр екен.
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, науқастар саны 42 пайызға артқан. Ауырғандардың 70 пайыздайы – 14 жасқа дейінгі балалар.
Еске салсақ, бұдан бұрын Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде шошқа тұмауы мен суперинфекциялар таралып жатқанын мәлім еткен.
"Елімізде тұмаудың үш түрі, соның ішінде шошқа тұмауы да тіркелді, бұл – H1N1 вирусы. Аденовирустар, риновирустар да тіркелді. Біз инфекцияның, суперинфекцияның араласып жатқанын көріп отырмыз – вирустар бір-бірінің үстіне қабаттасып, дерттің ауырлығы артуда", - деген еді министр.