$ 498.34  519.72  4.85

Бір күннің ішінде жантүршігерлік екі жол апаты болып, жеті адам көз жұмды

Тағы бірнеше адам жарақат алды.

Алматы облысында үш көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты, үшеуі жарақат алды. Қызылорда облысында тасжолда жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы ПД мәліметінше, 24 желтоқсанда Жамбыл облысында Toyota Camry, Daewoo Nexia және Daf Trucks N көліктері соқтығысқан.

Полиция қызметкерлерінің алдын ала мәліметі бойынша, жол апатына Toyota Camry көлігінің 33 жастағы жүргізушісі кінәлі. Алматы-Бішкек тасжолының 126-шақырымында ер адам тіркемесі бар Daf Trucks NL көлігін басып озу кезінде қарсы келе жатқан Daewoo Nexia көлігімен бетпе-бет соқтығысқан, кейін инерция салдарынан жүк көлігіне соғылған.

"Нәтижесінде төрт адам оқиға орнында қаза тапты. Түрлі жарақатпен тағы төрт зардап шеккен адам жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды, олардың біреуі де сол жерде қаза болды. Бұл дерек бойынша қажет сараптамалар тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді баспасөз қызметі, - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Облыс полиция қызметкерлері қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Кеше сағат 10:50 шамасында Самара - Шымкент тасжолының 1270-шақырымында (Арал ауданы) жол апаты болды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Lexus автокөлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл дерек тіркеліп, соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары