$ 443.37  474.49  4.83

Головкиннің Муратаға сыйлаған шапанның қайда тұрғаны белгілі болды

GGG жапондарға құрмет көрсетіп, рингте қарсыласына өзінің шапанын сыйлаған еді.

Әлеуметтік желіде бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жекпе-жектен кейін жапондық Риота Муратаға берген шапанының жаңа суреттері пайда болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақтың ұлттық киімі әуесқой және кәсіби бокстағы Риота Мұратаның жетістіктеріне арналған экспозициялар залына қойылған. Шапан спортшының 2012 жылғы Олимпиадада алған алтын медалі мен WBA әлем чемпионы белбеуінің жанында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, 9 сәуірде Жапонияда Головкин Мұратаны тоғызыншы раундта нокаутқа жіберген. Осылайша Головкин WBA Super және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем титулдарын иеленді. Сол кезде GGG жапондарға құрмет көрсетіп, рингте қарсыласына өзінің шапанын сыйлаған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары