$ 486.44  534.31  5.06

Оң жақ рульді көліктер де жеңілдікпен рәсімделетін болды

Елімізде мұндай 20 мыңға жуық көлік бар.

Сенатор Нұрлан Бекназаров Сенаттың жалпы отырысында оң рульді көліктерді біржолғы заңдастыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

«Мемлекет басшысы биыл 1 қыркүйектегі Жолдауында елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген және заңнамаға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыруға тапсырды. Мұндай көліктердің арасында басқару жүйесі оң жақта орналасқан көліктер де бар. Қазіргі уақытта жүктерді тасымалдауға арналған мұндай көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуден заңнамалық түрде тыйым салынған. Сондықтан елге әкелінген шетелдік нөмірлері бар оң рульді автомобильдерді иелері рәсімдей алмай отыр. Осыған байланысты қоғам тарапынан аталған автомобильдерді заңдастыруға сұраныс көп және бұл мәселе БАҚ-та жиі көтеріліп жүр», - деді ол.

Депутат қаралып отырған заң жобасында бұл мәселенің шешімі неге қаралмағанын сұрады.

«Бұл «Жол жүрісі туралы» заңда аталған мұндай көліктер тіркеуге тыйым салынған бабына тиісті түзетулер енгізу арқылы басқару жүйелері оң жақта орналасқан көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді біржолғы заңдастыру мүмкіндігін қарастыруға болмай ма?», - деді Бекназапров.

Ішкі істер министрлігі өкілі Қайсар Сұлтанбаев бұл сұраққа былай жауап берді:

«Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы біржолғы көлікті заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы заң жобасында біз таяуда ғана ұсыныс енгіздік. Оң рульді көліктерді осы біржолғы заңдастыруға енгізіледі. Бүгінде Қазақстанда мұндай 20 мыңға жуық көлік бар. Бұл ұсыныс енгізіліп, комитетте қолдау тапты. Бұл мәселе шешілді», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары