Шахматтан Алматы қаласының чемпионатын және халықаралық турнир өткізу үшін Chess Academy of Zhansaya Abdumalik ЖШС-ке бюджеттен 83,3 млн теңге алмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы мемлекеттік сатып алу сайтынан белгілі болды.
Сайттағы мәліметке сүйенсек, тапсырыс беруші – Алматы қаласы спорт басқармасы. Басқарма 12 желтоқсанда 83,3 млн теңге Chess Academy of Zhansaya Abdumalik ЖШС-пен келісімшарт жасасқан.Тапсырысты орындаушы бұл сомаға Алматы қаласының чемпионатын және шахматтан халықаралық турнир өткізуге тиіс.
Chess Academy of Zhansaya Abdumalik ЖШС директоры – Данияр Әшіров. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, белгілі шахматшы Жансая Әбдімәліктің әкесі.
Айта кетсек, 14 жасында әйел гроссмейстер атанған Жансая Әбдімәлік бүгінде Алматы Шахмат федерациясының басқарады. Ол жуырда "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды.