Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келді», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, өткен аптада мемлекет басшысы Алматыда "Тағзым" мемориалының ашылу рәсіміне қатысты. Ал оның алдында президент жұмыс сапарымен Өзбекстанда болған еді.