$ 443.44  480.51  4.88

Екібастұзда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші есірткіге мас болған.

Екібастұзда есірткі тұтынған жүргізуші жол апатынан жасап, көліктегі жолаушылардың бірі мерт болып, екіншісі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайттағы ақпаратқа қарағанда, оқиға 26 желтоқсан күні түнде болған.

32 жастағы ВАЗ жүргізуші Кеншілер көшесімен келе жатып, ағашқа соғылған. Оқиғаның салдарынан 20 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болды, екінші 29 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші есірткіге мас болған. Оның көлік басқару құқығы жоқ екендігі анықталды.

«Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр»,-делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары