Түркістан мен Шымкентте үшемдер дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
38 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны Жазира Көшербаева жүктіліктің 32-аптасында Нұрсаттағы перинаталдық орталыққа жеткізілген. Дәрігерлер 21-қараша күні жүкті әйелді кесарь тілігі арқылы босандырды. Дүниеге келген үшемдердің салмағы -1480гр, 1380 гр, 1175 гр.
Мерзімінен бұрын туған шақалақтар бір айдан аса қалалық перинаталдық орталықтағы дәрігерлердің медициналық бақылауында болды.
Үшемдерге перинаталды орталықтың неонатологтары жиырма бес күн қарап, медициналық көмек көрсетті. Асылбек, Әмина, Медина есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты.
Денсаулықтары жақсарған үш сәби мен анасын перзентханадағы дәрігерлер сән-салтанатпен шығарып салды.
Сондай-ақ, 33 жастағы түркістандық келіншек те үшем босанды. Түркістан облысы, Сайрам ауданының тұрғыны Шахла Халметова №2 облыстық перинаталдық орталықта 2 қыз, бір ұлды өмірге әкелді.
Жаңа туған нәрестелерге Шукрона, Юсуф, Ифара есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы екі келіге жуық. Мерзімінен ерте туған үшемдер перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.
Қазір ана мен сәбилердің жағдайлары жақсы.