Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы екі бірдей промоутерлік компаниянының лицензиясынан айырылғанын хабарлады.
Әңгіме Зия Алиев басқаратын Boxing Stars Management және Руслан Задарновский басқаратын Lucky Cent промоутерлік компаниялары туралы. Бұл промоутерлік компаниялар 24 желтоқсан күні Алматыда қаласында жекпе-жек кешін ұйымдастырып, онда Батыр Жүкембаев пен Садриддин Ахметов өнер көрсеткен еді.
"Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының шығарған шешімі бойынша, WBA, WBC, WBO, IBF ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан аймағында енді мына промоутерлік компаниялар жекпе-жек кешін өткізе алмайды: промоутер Зия Алиев пен Boxing Stars Management компаниясы және Руслан Задароновский мен Lucky Cent", - делінген федерация таратқан хабарламада.