Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Биылғы 11 айда қазақстандықтарға 2,7 триллион теңгеден аса сомаға зейнетақы төленген. 2022 жылғы қарашада республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,9 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 171 миллиард теңге бөлінген.
"2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 276 мың адам. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 108 960 теңге болды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қарашада зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 108 993 теңге болған еді.