Павлодарлық өрт сөндіруші Мәрлен Әбенов Ломов көшесіндегі үйлердің бірінде шыққан өрт кезінде тұрғындарды эвакуациялауға көмектесіп, әлеуметтік желі қолданушыларын сүйсінтті. Бүгін Мәрлен демалуы керек болған, бірақ ол құтқару ісіне білек сыбана кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Tipavlo.dar Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Мәрлен Әбенов көк түтін кезінде көршісіне сыртқа шығуға көмектесіп, кейін жертөлеге түсіп, бөтелкемен су құйып, өртті сөндірмек болған.
"Қауіпті іс болғаны түрінен көрініп тұр. Міне, сіз бен біздің өрт сөндірушілеріміз – сондай қаһарман жандар", деп жазылған Instagram-дағы жазбада.