28.12.2022, 18:00

Солтүстік Қазақстанда білім бөлімінің басшысы жемқорлықпен ұсталды

фото: аудандық білім бөлімінің сайты
Петропавлдың мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен Сара Рамазанова қамауға алынды.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімінің басшысы Сара Рамазанова сыбайлас жемқорлық туралы іс бойынша ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау фактісі бойынша Мағжан Жұмабаев аудандық білім бөлімінің басшысы С.М. Рамазановаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде",- деп хабарлады Антикор.

Ведомство нақтылағандай, Петропавлдың мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен Сара Рамазанова қамауға алынды.