$ 441.58  480  4.86

Екібастұзда тағы бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды

Бұған жылу жүйесіндегі ақаулар себеп болған.

Екібастұзда бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұған жылу жүйесіндегі ақаулар себеп болған.

«Жылу таратушы компания мамандары 28-ші желтоқсанда жерасты қондырғысындағы ақауларды жою үшін Шешембеков атындағы көшеде орамішілік жылу желісін өшіреді. Осыған орай көшенің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамту уақытша тоқтатылады», - делінген «Екібастұз-теплоэнерго» ЖШС-нің хабарламасында.

Сонымен қатар Абай көшесіндегі жеке тұрғын үйлерде бүгін кешке дейін дейін жылу болмайды. Құбырларды алмастыруға байланысты Сейфуллин көшесінің бойындағы кейбір жекемеменшік тұрғын үйлерде жылу өшіріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары