$ 483.23  534.74  5.12

Қар, көктайғақ, жел: бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

Қазгидромет 29 желтоқсандағы ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, елдің батыс өңірлері әлі де циклон ойпатының ықпалында болады, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

Елдің солтүстік – батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен қар, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Тек елдің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, елдің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары