Қазгидромет 29 желтоқсандағы ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, елдің батыс өңірлері әлі де циклон ойпатының ықпалында болады, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
Елдің солтүстік – батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен қар, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Тек елдің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, елдің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді деп күтілуде.