Алматы облысы әкімінің кеңсесі бұрын Қонаев қаласындағы ойынхана болған ғимаратқа көшіп барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Алматы облысының әкімдігі Индустриальная көшесі, 16/4 мекенжайы бойынша кеңсе ғимаратын жалға алды», - деп түсіндірді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдік көшіп барған ғимаратта бұрын Royal Plaza ойын орталығы болған. Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғимараттың иесі мұның алдында оны әкімшілік кеңсеге айналдырған.