29.12.2022, 11:00

Алматы облысының әкімдігі бұрынғы казино ғимаратына көшіп барды

фото: ашық дереккөзден
Әкімдік көшіп барған ғимаратта бұрын Royal Plaza ойын орталығы болған.

Алматы облысы әкімінің кеңсесі бұрын Қонаев қаласындағы ойынхана болған ғимаратқа көшіп барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Алматы облысының әкімдігі Индустриальная көшесі, 16/4 мекенжайы бойынша кеңсе ғимаратын жалға алды», - деп түсіндірді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік көшіп барған ғимаратта бұрын Royal Plaza ойын орталығы болған. Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғимараттың иесі мұның алдында оны әкімшілік кеңсеге айналдырған.