Қарағанды облысында вагондардың рельстен шығып кетуінен келген залал 1 млрд теңгеге бағаланады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Әрбір астық тасығыштың құны 38,5 млн теңгені құрайды, яғни 19 астық тасығыш үшін 731,5 млн теңге. Тауар вагондарының әрқайсысында 10 млн теңге тұрады, жалпы алғанда олардың құны – 190 млн теңге. Сондай-ақ, апатқа байланысты айыппұл санкциялары қарастырылған келісімшарттар орындалған жоқ. Жалпы, Новоишим астық компаниясындағы залал сомасы 1 млрд теңгеге бағаланады", - деп жазды El Dala басылымы.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кеткенін хабарлағанбыз.