$ 490.84  536.88  5.04

Қорғаныс министрлігі әскердегі суицид проблемасына қатысты түсінік берді

Жыл басынан бері Қарулы Күштерде әскерилердің өліміне байланысты бірнеше оқиға тіркелді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қорғаныс министрлігі әрбір әскери қызметшінің өліміне жауапты. Бұл туралы министрліктің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Серік Борамбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Жыл басынан бері Қарулы Күштерде әскерилердің өліміне байланысты бірнеше оқиға тіркелді, оның ішінде 4 суицид бар. Көпшілігі мұны әскердегі «дедовщинамен» байланыстырады. Қорғаныс министрлігі бейбіт замандағы әскери қызметшілердің өлімі үшін жауапкершілікті өз мойнына ала ма?», - деп сұрады журналист Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

«Өкінішке орай, Қарулы Күштерде мұндай фактілер болды. Бірақ Қарулы Күштердің де қоғамның бір бөлігі екенін атап өткен жөн. Қоғамда болып жатқан барлық процестер Қарулы күштерде де жүреді. Сіз қазір айтқан мәселе де бар. Бірақ біз нақты анықтауымыз керек: біз Қарулы Күштер құрылымы болып саналамыз, тек Қорғаныс министрлігіне бағынатын әскери бөлімдерге жауап бере аламыз. Бізден бөлек, Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Мемлекеттік күзет қызметіне бағынатын әскери бөлімдер де бар», - деп түсіндірді Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов.

Министрліктің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының міндетін атқарушы Серік Борамбаев ведомство әскери қызметшілердің қаза болуына жауапты екенін айтты.

«Иә, біз жауаптымыз. Әрбір жағдай марқұмның туыстары мен жақындары үшін ғана емес, барлық Қарулы Күштер үшін де орны толмайтын қайғы. Бұл ретте жауапкершілік төменгі деңгейден Қорғаныс министрлігінің басшылығына дейін бәріне артылады. Сондықтан әр жағдай жеке және ерекше тәртіпте қарастырылатынын түсіну керек. Қарулы Күштер мен басқа әскерлер мен құрылымдар бар. Мерзімді қызмет сарбаздары, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, офицерлер бар. Офицерлермен және келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен байланысты өлім де әртүрлі: ауырып қайтыс болғандар, дол-көлік апатына ұшырағандар бар, өйткені олар қоғамның барлық азаматтары сияқты қызметке келіп, кешке үйіне кетеді. Содан кейін олар қарапайым азаматтар сияқты күнделікті мәселелермен айналысады», - деді Серік Бурамбаев.

Сонымен бірге спикер Қорғаныс министрлігінің әскердегі суицид жағдайларын азайту үшін қабылдаған шараларын айтты.

«Президенттің тапсырмасымен бірқатар шаралар қабылданды, барлық Қарулы Күштер мен құралымдармен бірге «Өмірді сақта» бағдарламасы әзірленді. Қарулы Күштер «халық үніне құлақ асатын мемлекет» шеңберінде Президент – Жоғарғы Бас Қолбасшы қойған ашық жұмысты жүргізіп жатыр. Мұнда ата-аналар немесе Сарбаздар аналары комитетінің өкілдері онлайн-офлайн форматта әскери бөлімнің өмірімен таныса алады. Жауапкершілік бірінші кезекте бізге жүктеледі», - деді С. Бурамбаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары