30.12.2022, 10:00

Зардап шеккендер бар: Оралда 4 көлік соқтығысып қалды

Фото: БҚО полиция департаменті
Жол апаты салдарынан үш адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Орал қаласында төрт автокөлік соқтығысып, үш адам зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 29 желтоқсан күні шамамен сағат 23.00-де Жәңгір хан көшесінде болды.

«Шаған өзенінен өтетін көпір тұсында BMW, Suzuki және екі «ВАЗ» автокөлігі түйісті. Жол апаты салдарынан үш адам түрлі дене жарақаттарын алды. Оларды жедел жәрдем көлігі алып кетті. Оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.