$ 441.58  480  4.86

Астанада Қайрат Боранбаевтың соты басталды

Сот отырысына Қайрат Боранбаевтың қызы да қатысып отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты сот талқылауы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотында Қайрат Боранбаевқа қатысты сот процесі басталды. Журналистер сот залына кіргізілді. Сот отырысына Қайрат Боранбаевтың қызы да қатысып отыр.

Желтоқсанда кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілгені белгілі болды.

Еске салайық, қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын. 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Мамырдың басында Боранбаев Forbes рейтингіндегі Қазақстанның ең бай бизнесмендері тізімінен шығарылғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары