30.12.2022, 15:40

Украиналықтар Ресейге қарсы соғысып жүрген Жасұлан Дүйсембинге азаматтық беруді өтінді

Фото: ашық дереккөз
Ол ел аумағындағы қақтығыстарда өз өмірін қатерге тігіп, майданда тер төгіп жүр.

Украин әскері шебінде Ресейге қарсы соғысып жүрген қазақстандыққа Украина азаматтығын беру туралы Владимир Зеленскийдің атына онлайн петиция жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы украиндық журналист Сергей Пейчев жазды.

БАӨ өкілінің дерегінше, Жасұлан Дүйсембин азаматтығы жоқ болса да 2021 жылдың күзінен бері Украина үшін соғысып жүр.

«Украина қарулы күштерінің құрамында Украинаны қорғап жүрген қазақстандық Жасұлан Дүйсембинге азаматтық беруіңізді сұраймын. Дүйсембинов 2015 жылдан бері Украинада тұрады. Украиналық әйелі және екі баласы бар. Ол ел аумағындағы қақтығыстарда өз өмірін қатерге тігіп, майданда тер төгіп жүр. Сондай-ақ ІІІ дәрежелі «Ерлігі үшін» орденімен марапатталған. Донбасстағы шайқастардың бірінде оның төлқұжаты өртеніп кеткен болатын. Ал Мемлекеттік көші-қон қызметі оған Украина азаматтығын беруден бас тартып отыр», - делінген жазбада.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Украина президентінің жарлығымен қазақстандық ерікті Жасұлан Дүйсембин  үшінші дәрежелі «Ерлігі үшін» орденімен марапатталған.