$ 449.58  486.94  4.86

Әйелдерді жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықтан қорғау жұмысы күшейтілмек

Бұл мінез-құлық негізінен басшылар тарапынан болады.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс орнындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жоюға бағытталған бірқатар заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомствоның баспасөз қызеті хабарлағандай, биыл Қазақстанның № 190 Халықаралық еңбек ұйымының конвенциясын ратификациялау мәселесін қарау шеңберінде Еңбекмині БҰҰ құрылымымен бірлесіп «БҰҰ-әйелдер» гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері бойынша Қазақстандағы жұмыс орнындағы зорлық-зомбылық пен жыныстық қудалаудың деңгейі мен негізгі себептерін зерделеу мақсатында зерттеу жүргізді.

«Зерттеу барысында 1340 әйел мен 208 ұйым басшыларының қатысуымен социологиялық сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқан әйелдердің шамамен 13%-ы жұмыс орнында зорлық-зомбылық пен қудалау фактілеріне тап болғанын хабарлады, ал жұмыс берушілердің 10% - ына зардап шеккен әйелдерден өтініштер түскен.

Сауалнама барысында физикалық зорлық-зомбылық фактілері туралы айтылмаған. Зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрлерінің ішінде әйелдер жағымсыз жанасуды, флирт, кездесуді, сүйісуге тырысуды (17%), жыныстық тақырыптағы орынсыз әзілдерді (16%), сексуалдық сипаттағы түсініктемелер мен қимылдарды (16%) атап өтті», - делінген хабарламада.

Сауалнамаға қатысқан әйелдердің үштен екісінің айтуынша, бұл мінез-құлық негізінен басшылар тарапынан болады. Қалғандары әріптестері мен клиенттерін қорлаушы ретінде атап өтті, оны жұмыс берушілер де растады. Олардың пікірінше, әріптестер мен клиенттер қудалауға жиі жол береді, әсіресе шағын және орта бизнесте, негізінен қызмет көрсету, тамақтану және сауда саласында.

Респонденттердің 80%-дан астамы еңбек саласындағы гендерлік зорлық-зомбылық пен қудалауға тыйым салуды заңнамалық тұрғыдан бекітудің және зардап шеккендерді құқықтық қорғауды күшейтудің орындылығын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары