Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Заң жобасы банкроттық рәсімінің 3 түрін енгізуді көздейді. Барлық рәсімді тек борышкер ғана бастай алады.
Банкроттық рәсімдегенде қазақстандықтарға мына шектеулер қойылады:
Жобада 5 жылға несиет алуды шектеу көзделген; Азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады; Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделеді. Айта кетейік, кеше Сенат депутаттары банкроттық туралы заңды қабылдаған еді.