30.12.2022, 22:30

Коньки теуіп құлаған әкім жұртты күлкіге қарық қылды

Фото: ашық дереккөз
Ол балаларға мазақ болмайын деп мұз айдынынан шығып кеткен.

Мұз айдынында коньки тепкен Жетісу облысы Көксу ауданының әкімі Марлен Көлбаев оңбай құлап, жұртты күлкіге қарық қылды, деп жазады Elorda.info.

Балалық шағымда көзімді жұмып жүріп тепкен өнерімді көрсетем ба деп, масқара болғандай қайта-қайта құлағаным бар емес пе? Меніңше конькилері дұрыс емес сияқты, – деп жазған әкім Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ ол қайта-қайта құлай берген соң, балаларға мазақ болмайын деп мұз айдынынан шығып кеткенін айтты.