31.12.2022, 05:01

Жылдың соңғы күні ел аумағында ауа райы қандай болады

Фото: ашық дереккөз
Тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады.

Синоптиктер 31 желтоқсан, сенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Ел аумағының басым бөлігі әлі де циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сондықтан қар жауады.

Оңтүстікте, батыста – жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстігінің таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады.

Елдің солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады.