$ 490.84  536.88  5.04

Қарағандыда сауда үйінің жанынан әйелдің денесі табылды

Қарағанды қалалық ЖБО-ға кездейсоқ куәгер хабарлаған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін таңертең Қарағандының «Майқұдық» шағын ауданындағы сауда үйлерінің бірінің жанынан 71 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда үйінің жанында белгісіз әйелдің денесі жатқаны туралы Қарағанды қалалық ЖБО-ға кездейсоқ куәгер хабарлаған. Полиция дереу оқиға орнына жеткен.

«31 желтоқсан күні сағат 9.47-де Қарағанды қаласы ПБ ЖБО-ға 12 шағын аудандағы «Аян» СҮ жанында зорлық-зомбылық белгілерінсіз 71 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары