31.12.2022, 23:30

Пеленің анасы баласының өмірден өткенінен бейхабар

Фото: ашық дереккөз
Пеленің анасының аты – Селесте Арантес. Ол 100 жаста.

Аты аңызға айналған футболшы Пеленің (Эдсон Арантис ду Насименту) анасы баласының көз жұмғанынан бейхабар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы спортшының әпкесі Мария Люсия айтты. Ол егде жастағы әйелге қамқорлық жасайды.

"Екеуміз жиі әңгімелесеміз, бірақ ол жағдайды білмейді. Оның өз әлемі бар. Мен оған Пеле туралы айтып, "ол үшін дұға етуіміз керек" дегенде, көзін ашады. Бірақ анам оны шын мәнінде түсінбейді", – деді спортшының Пеленің әпкесі.

 

Пеленің анасының аты – Селесте Арантес. Ол 100 жаста. 

Бразилиялық футболшы Пеле деген атпен танымал Эдсон Арантис ду Насименту 30 желтоқсанда қайтыс болды. Әлемдік футбол аңызы 82 жаста еді.