Талдықорған маңында жеңіл автокөлік аударылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Жол-көлік оқиғасы 1 қаңтарда «Талдықорған-Үштөбе» тасжолының 10 шақырымында болды. 42-жастағы жүргізуші «Фольксваген Гольф» көлігінің рулін басқара алмай, жол жиегінен шығып кетіп, оның аударылуына жол берді. Оқиға орнында шетелдік неміс көлігінің жүргізушісі мен автокөліктегі 35-жастағы әйел жолаушы қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Құрметті жол қозғалысына қатысушылар!
Тағы да естеріңізге сала кетейік, өңір аумағында (31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін) автожолдарды қар басып, көктайғақ блып тұр.
Осыған байланысты барлықтарыңыздан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспауды және жол қауіпсіздігі талаптарын елемеуді сұраймыз»,-делінген полицияның хабарламасында.