01.01.2023, 18:12

Жаңаөзенде жұмысшылар митингке шықты

Видеолардың бірінде жұмысшылардың атынан бір адамның сөйлеп тұрғанын, оның артында көп жұмысшы тұрғанын көруге болады.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында «Мунайспецснаб» жұмысшылары наразылық акциясына шығып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Митинг видеолары әлеуметтік желіге тарап кетті. Видеолардың бірінде жұмысшылардың атынан бір адамның сөйлеп тұрғанын, оның артында көп жұмысшы тұрғанын көруге болады.

«2023 жылы 1 қаңтар. «Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚазМұнайГаз басшы құрамына, Өзенмұнайгаз басшы құрамы Мақсат Ибағаровқа, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа үндеу: Қазіргі таңда біздің жұмысымыздың тоқтауына байланысты бұрынғы тендер бойынша жұмысымызды қалпына келтіруді сұраймыз», - дейді жұмысшылар.

Сонымен қатар, олар Өзенмұнайгаз компаниясына қарасты мекемелерге «Мунайспецснаб» жұмысшыларының атынан жолдама беруін сұрайды.