Франция құрамасы мен ПСЖ командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе өткен жылдың қорытындысымен Еуропаның алғашқы бестіктегі чемпионат ойыншылары арасында үздік сұрмерген атанды.
24 жастағы франциялық шабуылшы барлық деңгейдегі 56 ойында 56 гол соқты. Ол биыл «Алтын доп» байқауында дауыс беру нәтижесінде алтыншы орынға тұрақтады.
Шабуылшы Франция чемпионы атанып, суперкубокты төбесіне көтерді. Өз елінің құрамасымен Қатарда өткен әлем чемпионатында финалға дейін жетті.
Килиан Мбаппе Францияның бірінші лигасында биыл да гол соғудан көш бастап тұр. Қазір оның еншісінде 15 кездесуден кейін 13 гол бар.