$ 498.34  519.72  4.85

Коронавирус: АҚШ Қытайдан келгендердің бәрін ПТР-тесттен өткізіп жатыр

Италия, Жапония, Тайвань және Үндістан да Қытайдан келушілер үшін міндетті сынақтарды жариялады.

Бейжің келесі аптада шекараларды қайта ашатынын жариялағаннан кейін АҚШ Қытайдан келген келушілерге ковид тестін енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Италия, Жапония, Тайвань және Үндістан да Қытайдан келушілер үшін міндетті сынақтарды жариялады. Бірақ Австралия мен Ұлыбритания Қытайдан келген саяхатшылар үшін жаңа ережелер жоқ деп мәлімдеді.

Үш жыл әлемге жабық болғаннан кейін Қытай 8 қаңтардан бастап өз азаматтарына еркін саяхаттауға мүмкіндік береді. Бірақ елде коронавирус індеті жалғасып жатыр.

Қытай күніне шамамен 5 мың адам індет жұқтырғанын ресми түрде жариялап отыр. Бірақ сарапшылар мұндай сан өте аз деп санайды. Олардың айтуынша, күніне ол елде миллионға жуық адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Хабарларға қарағанда, ауруханалар толып, тұрғындар негізгі дәрі-дәрмектерді таба алмай қиналып жатыр.

Сәрсенбіде АҚШ Қытайдағы «жеткілікті және ашық» Ковид деректерінің болмауы елге Қытайдан, Гонконгтан және Макаодан келетін саяхатшылар үшін 5 қаңтардан бастап ковид сынақтарын талап ету туралы шешім қабылдауға ықпал етті деп мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары