Қырғызстандағы қалалық балалар клиникалық жедел жәрдем ауруханасы мен Ана мен баланы қорғау ұлттық орталығының медицина қызметкерлері 10-қаңтарға дейін түрмеге қамалды. Дәрігерлерге қатысты мұндай шешімді Бішкектің Ленин аудандық соты қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полицияның мәліметінше, 2022 жылдың 14 қарашасында сағат 09.13 шамасында құқық қорғау органдарына орталық қалалық мәйітханадан кішкентай баланың мәйітін алғаны туралы қоңырау түскен.
Аталған факті тіркеліп, тергеуге дейінгі тексеру басталды.
“2022 жылдың 13 қарашасында сағат 07.00 шамасында бала ауруханалардың біріне асқазанындағы ауру сезіміне шағымданып түскені, сағат 12.30-да бала басқа аурухананың жансақтау бөліміне ауыстырылғаны, ес жимастан көз жұмғаны анықталды”, – деді полицияда.
Осы факті бойынша ҚК-нің "Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.Қылмыстық іс шеңберінде барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, олардың нәтижелері бойынша күдіктілер ұсталды. Олар Ленин ауданының ІІБ тергеу қызметіне жеткізілді, содан кейін ІІББ ӘӘК - не қамауға алынды.
Тағы бір күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы сайланды. Қалғандары сот шешімімен Бішкектің тергеу изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.