Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) жылдың үздік жекпе-жегіне үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды КТК арнасы.
Бұл тізімге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жек де енді. Онда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен "Канело" жеңіске жеткен еді.
Сондай-ақ, тізімде Джермелл Чарло - Брайан Кастаньо, Хуан Франсиско Эстрада - Роман Гонсалес, Эррол Спенс - Йорденис Угас, Себастьян Фундора - Эрик Любин, Кенширо Тераджи - Хирото Киогучи арасындағы жекпе-жектер де бар.
Еске салайық, Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) – WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.