Атырау облысында болған жол апатынан екі адам қаза тапты. Олардың бірі 37 жастағы жолаушы, екіншісі бір жастағы бала. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«2 қаңтар күні сағат 11:50 шамасында Доссор-Бейнеу тасжолының 147-шақырымында ВАЗ Priora мен Toyota Alphard көлігі соқтығысқан. Жол апатынан ВАЗ Priora көлігінде болған 1985 жылғы және 2021 жылы туған жолаушы оқиға орнында мерт болды», – деді олар.
Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.