03.01.2023, 18:49

Сәбізге қақалған 1 жасар сәби дәрігерлердің көз алдында қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз
Кішкентай сәби сәбізге қақалып қалған.

Батыс Қазақстанда оқыс оқиға болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы оқиға кеше түс мезгілінде болған.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1 жас 7 айлық баланы анасы ауруханаға 13:20-да ес-түзсіз күйде жеткізген. Дәрігерлер балаға шұғыл көмек көрсеткенімен сағат 13:50-де көз жұмды.

Балаға «Механикалық асфиксия. Тыныс алу жолдарының бөгде затпен жабылуы (Тұншығу)» диагнозын қойды.

Кішкентай сәби сәбізге қақалып қалған.