$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылады.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекеттер басшылары бір-бірін жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылады.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев