Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекеттер басшылары бір-бірін жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылады. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық етті.