$ 495.2  522.34  4.94

Атырау облысында 556 мемқызметші табысын жасырған

Қазір кірістер департаментінің мамандары хабарлама жіберіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Бір жыл ішінде салық органдарына Атырау облысының әртүрлі ведомстволарының 17,5 мың қызметкері есеп берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 556 мемлекеттік қызметкер өздерінің нақты кірістерін жасыруға тырысқан. Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеті маман әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Ал кейбір шенеунік мемлекеттік қызметтен әлдеқашан кетсе де есепте тұрған боп шықты. Қазір кірістер департаментінің мамандары хабарлама жіберіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді 2023 жылдан бастап мемлекеттік, квази мемлекеттік мекеме қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер, кітапханашылар және соларға теңестірілгендер декларация тапсырады.

"Кірістерді декларациялаудың басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, сондай-ақ кірістердің жүйелілігін тексеру. Шетелде қаржы қаражаты мен мүлікті анықтау мүмкіндігі бар", –  деп түсіндірді департамент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары