$ 494.87  520.65  4.91

Ауа райы қолайсыздығына байланысты пойыздар жылдамдығына шектеу қойылды

Кешіккен пойыздың әр сағаты үшін билет құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төленеді.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Елімізде ауа райының қолайсыздығынан кейбір пойыздар уақытынан кешігіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін теміржол учаскелерінде қозғалыс жылдамдығына шектеу қойылды», - дейді ҚТЖ баспасөз қызметі.

Дәл қазір кешігіп жатқан пойыздар:

- № 3/4 және № 9/10 «Астана-Алматы»,

- № 45/46 «Павлодар-Түркістан»,

- № 51/52 «Алматы-Орал»,

- № 65/66 «Астана-Жезқазған»,

- № 71/72 және № 86/85 «Астана-Шымкент»,

- № 73/74 «Алматы-Жезқазған»,

-№ 105/106 «Алматы-Петропавл».

Сондай-ақ, ұлттық компаниядан пойыздардың қозғалыс кестесін қалпына келтіру бойынша қажетті шаралардың қабылданып жатқаны айтылды.

«Вокзалдарда пойыздардың кешігетіні хабарланып отыр. Хабарлама 1433 анықтама қызметі арқылы тәулік бойы беріледі. Егер пойыз 3 сағаттан артық кешіксе жолаушыларға SMS хабарлама жіберіледі», - делінген хабарламада.

Одан бөлек, ресми ақпаратта айтылғандай, пойыз билеттерін кері қайтару жайлы мәліметті +7 (707) 270-36-64 (WhatsApp) нөмірінен білуге болады.

«Кешіккен пойыздың әр сағаты үшін билет құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төленеді. Пойыз 6 сағаттан артық кешіксе, мейрамханада тегін тамақ беріледі. Сол сияқты вокзалдардағы тамақтану орындары мен сауда нүктелерінің, санитарлық аймақтардың (әжетханалардың) үздіксіз жұмыс істеуі бақылауда», - деп хабарлайды Қазақстан темір жолы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары