05.01.2023, 09:20

Өткен тәулікте 115 адам коронавирус жұқтырды

Фото: ашық дереккөз
4 пациенттің жағдайы өте ауыр.

Қазақстанда өткен тәулікте 115 адамнан коронавирус анықталып, 1 адам атлмыш дерттен айығып кетті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

5 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 447 адам коронавирус инфекциясынан (–2 273+ және 174 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 305 пациент стационарда, 2 142 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 14 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Тегтер: коронавирус