Криштиану Роналду отбасымен бірге Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласындағы зәулім үйге қоныстанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ислам дінінің ережесіне негізделген Сауд Арабиясының заңы бойынша, некеге тұрмағандарға ел аумағында бірге тұруға тыйым салынған. Алайда Роналду мен оның ғашығы Джорджина Родригеске ерекше жағдай қарастырыған. Сондықтан олар бір шаңырақтың астында өмір сүре бермек, деп жазады Sports.ru.
Жергілікті заңгердің сөзінше, араб елінің полициясы бұдан былай некесіз бірге тұратын шетелдіктердің жұптарын қудаламайды.
Айта кетейік, Криштиану Роналду мен "Әл-Наср" клубы 2025 жылдың маусым айына дейін келісім-шартқа отырды. Португалиялық сұрмерген ауысқанға дейін клубтың Instagram желісінде 860 мыңдай оқырман болатын. Қазіргі уақытта оның саны 9 миллион 400 мыңға жетті. Яғни бірнеше күннің ішінде "Әл-Наср" клубының Instagram желісіндегі парақшасына сегіз жарым миллионнан астам жанкүйер қосылып отыр.