05.01.2023, 12:20

Тоқаев Әзірет Сұлтан мешітіне барды

Президент қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштады.

Мемлекет басшысы Әзірет Сұлтан мешітіне барды, деп хабарлайды Aqorda телеграмм каналы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, былтыр қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштады.