$ 487.37  532.94  5.09

Қанды қаңтар: Серік Күдебаевтың үстінен азаптау және билігін асыра пайдалану фактісі бойынша екі іс қозғалған

Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған болатын.

Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың үстінен екі қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

"Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі 1,3,4 тармақтары және 362-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалған. Бұл - азаптау және билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактілері",- деді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Сот өкілі Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4 бөлігі бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал 146-бабы 2-бөлігі (3-7 тармақтары) бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін соттау және үш жылға дейін қандай да лауазым атқару құқығынан айыру қарастырылғанын нақтылады.

Айта кетейік, бүгін Талдықорғанда Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот болып жатыр.

«Бастапқыда сот процесі жабық болады деп жоспарланған. Бірақ қазір ашық өтіп жатыр»,- деді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің өтікіл Нұрсұлтан Орынбасаров.

Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған болатын.

Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары