$ 442.05  474.14  4.74

Шымкентте жер сілкінді

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісі болғанын хабарлады.

Зілзала 5 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 20:25 кезінде болған.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 859 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 14,4. MPV магнитудасы – 6,6. Тереңдігі – 200 км. МSК-64 бағаны бойынша Шымкент қаласында 2-3 балл көлемінде сезілген.

«Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ» деп мәлім етті Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары